Сочиде ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті
СОЧИ. ҚазАқпарат - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің Сочиде өткен отырысында сыртқы саясат ведомстволарының басшылары ТМД қызметінің түрлі салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдетуге бағытталған құжат жобаларын қарады.