Бәйдібек ауданына тартылған инвестиция көлемі 22 млрд теңгеден асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 8 айында Бәйдібек ауданының инвестиция көлемі 22 млрд 427 млн 100 мың теңгені құрады. Ал, өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1 млрд. 824 млн. 300 мың теңгеге жетіп отыр. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов мәлім етті.