Шымкенттік шенеуніктерге қызметтік көлікпен жүруге тыйым салынды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қарамағындағы қызметкерлеріне қызметтік көлік мінуге тыйым салды. Әкім бір ай уақыт аралығында қоғамдық көлікпен жүру жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы қала басшысы қоғамдық көліктер мәселесі талқыланған жиналыста айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.