Тұманбай ақынның туған жерінде ескерткіші ашылды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында қазақтың көрнекті ақыны Тұманбай Молдағалиевтің ескерткіші ашылды. Бюст Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаңға қойылды. Ашылу салтанатына ақынның жары Күлтай Қасымқызы, қазақ әдебиетінің белді өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.