7 күнде «Сергектің» көмегімен 1300-ден астам бұзақылық анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұрланған велосипед, жартылай жалаңаш бұзақы «Сергек» бейнебақылау камераларының арқасында анықталды. Күн сайын аталған бейнекамералар 200-ден астам түрлі қылмыс пен бұзақылықты анықтауға мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.