Қызылорда облысы Иран Ислам Республикасымен 8 меморандумға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21-23 қазанда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация жұмыс сапарымен Иран Ислам Республикасында болып қайтты. Сырбойылық кәсіпкерлер Гүлістан және Мазандаран провинцияларындағы ауыл шаруашылығы, өндіріс орындарын аралап көріп, Иранның бизнес қауымдастығына ортақ жобаларды таныстырды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.