Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады. Тек батыста, оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсіп, солтүстік бөлігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі.