Алматы облысында кадет сыныбының оқушылары полиция өмірімен танысты
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Өтеген батыр ауылының №7 орта мектебінің негізінде ашылған кадет сыныбының оқушылары Ішкі істер департаментінің ғимаратын аралап, тәртіп сақшыларының қызметтегі тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.