ОҚО-да жас ақындардың мүшәйрасы өтті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жас ақындар арасында «Жыр тұнған жүрек» облыстық жыр мүшәйрасы өтті. Байқауға өңірдің аудан, қалаларынан 28 жас жазба ақын қатысып, егеменді ел жетістіктері мен облыстың қадір-қасиетін жырға қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.