Зиялы қауым өкілдері оңтүстік жастарымен латын әліпбиіне көшуді талқылады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына Астанадан келген бір топ саясаткерлер, журналистер, жазушылар жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларымен, жастармен кездесті. Басқосуда латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.