«Алтынемел» саябағы туралы фильм көрерменге жол тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорымен бірлесіп, қазақ деректі киносының күндері аясында «Алтынемел» атты деректі фильмнің тұсаукесерін өткізді. Фильмнің авторы танымал фотограф-натуралист Олег Белялов. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі хабарлайды.