ОҚО-да биыл 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 526 мың шаршы метрді (5 246 пәтер) құраған. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифингте Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілсейіт Рабаев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.