ОҚО-дағы педагогикалық университет 80 жылдық мерейтойын атап өтті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті биыл 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Аталған оқу ордасының мерейлі мерекелік шарасына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары мен ҚР Ұлттық ғылым Академиясының академиктері, облыстық маслихат депутаттары және жоғары оқу орындарының реткорлары мен проректорлары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.