Ақжүрек Таңатаров: «Спорттан кетуді ойлап жүрмін»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында жеңімпаздардың бірі атанды. Жобаның спорт саласында ұсынылған 42 адамның ішінде еркін күрестің майталманы басым дауыспен үздіктер қатарынан көрінді. Осы ретте «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ел мақтанышына айналған балуанды сөзге тартып, спортшының алдағы жоспары туралы білді.