Қазақстан тоғыз айда мұнай экспортынан 19,2 млрд доллар тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық нарықта қазақстандық мұнайға деген сұраныс қайта қалпына келе бастады. Соңғы 2 жылда қара алтын экспорты азайғанымен, 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның шикі мұнайына сұраныс 37 пайызға артты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА finprom.kz сайтына сілтеме жасап.