Алакөл жағалауындағы ірі өрт: бес қыстаудың тұрғындары эвакуацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алакөл көлі жағалауында тұтанған ірі өрт салдарынан бес қыстаудан 21 адам, соның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.