11 желтоқсан күні елдің басым бөлігінде қар жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 11 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (қар) күтіледі. Тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста күн жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.