Батыс Қазақстанда оқушы құдыққа құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында 5-сынып оқушысы ашық тұрған құдыққа құлап кетті. Құдық ауылдарды сумен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша биылғы жазда салынған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Уральская неделя» басылымының порталына сілтеме жасап.