Қазақстанда жүк айналымы 7,9%-ға артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-қараша айларындағы жүк айналымының көлемі 502, 719 млрд тонна-километрді құрап, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 7,9 %-ға артты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.