21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, тек оңтүстік және оңтүстік шығыста ауа ағындарының өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерінде, тұман түседі, оңтүстік және оңтүстік шығыста көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.