Маңғыстауда автобус жолдан ұшып кетті
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда вахталық әдіспен жұмыс істейтін жолаушыларды әкеле жатқан автобус жолдан ұшып кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәурен Табжановқа сілтеме жасап.