Астанадағы аулаларды абаттандыруға 1,4 млрд теңге бөлінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы елордада 160 ауланы жақсартуға 1,4 млрд теңге қарастырылған. Жергілікті бюджетті нақтылау кезінде бұл сома ұлғайтылуы мүмкін. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Әсет Исеекшев ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған активдегі кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Elorda Info.