Назарбаевтың АҚШ-қа сапары ұзақмерзімді қарым-қатынастың алғашқы қадамы - америкалық сарапшы
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапары Қазақстан-АҚШ арасындағы ұзаққа созылатын қарым-қатынастың алғашқы қадам болды. Мұндай пікірді «Мұра» қоры Сыртқы саясат орталығының директоры Люк Коффи білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.