2 ақпанда ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.