3 ақпанда ел аумағының басым бөлігінде бұрқасын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 3 ақпанда республиканың басым бөлігінің кей жерлерінде қар, жаяу бұрқасын, тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.