Ан-148 апатынан қаза болғандардың тізімі жарияланды, олардың үшеуі – балалар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің аты-жөндері анықталды. Олардың тізімі Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында орналастырылды. Ажал құшқан жолаушылардың үшеуі - балалар.