Қазақстандық гольфшы қыз World Amateur Golf рейтингіне енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 жастағы спортшы Ривекка Жұмағұлова гольф бойынша Әлемдік әуесқой (World Amateur Golf Ranking) рейтингіне енді. Бұл, оған жинаған ұпай саны бойынша болашақта олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.