Маңғыстауда алғыс айту күні бірнеше шара өтті
Алғыс айту мерекесін Маңғыстаулықтар жаппай жүгіру марафонынан бастады. Таңертең 400-ге жуық қала тұрғыны мен мемлекеттік қызметкерлер, түрлі этномәдени бірлестік өкілдері теңіз жағалауына жиналып, 5 шақырым жүгіріп өтті. Тұрғындардың арасында мектеп оқушыларынан бастап, зейнеткерлерге дейін бар. Шарадан соң барлығы бір-біріне алғыстарын білдірді.