Латынға көшуді "орыс әлемінен" аулақ кетуге балайды
Ұлыбритания баспасөзі экс-премьер Тони Блэрді "демократияға қосқан үлесі" үшін марапаттауды мысқылдап, отставкадан соң ол Қазақстан президенті сынды "деспоттар" кеңесшісі болғанын еске салған. Батыс басылымдары қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді "орыс әлемінен аулақтау" деп атаған және Қазақстанда діни экстремизммен күреске бөлінген бюджет туралы жазған.