Үш мемлекеттік ЖОО ректорлығына 42 адам үміткер болып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - М. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жəне М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректорларын сайлау бойынша байқауға қатысу үшін құжаттар қабылдау аяқталды, деп хабарлайды ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.