«Қазақ аруы – 2018» байқауының жеңімпазы Нәбира Рақымжан: Жүрегім бос емес, бірақ...
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Қазақ аруы» байқауы ұлттық құндылықты, дәстүрлі мәдениетімізді айшықтайтын жоба. Міне, байқау мен үшін сонысымен ерекше» дейді осынау мәртебелі тәждің иегері Нәбира Рақымжан. Қазақы қаймағы бұзылмаған маңғаз Маңғстаудың тәрбиесі мен тәлімін көрген ол, xалықтық өнерге жақын болып өскенін айтады. Сондықтан додада домбырамен дәстүрлі ән айтуды мақсат тұтыпты. Сан сұлудың арасынан суырылып шыққан ару нені армандайды? Оның алдағы жоспары қандай? Болашақ тариxшы өмірін өнермен тоғыстыра ма? «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қазақ аруы-2018» титулының иегерін әңгімеге тартып көрген еді.