Душанбеде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне гүл қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Душанбеде тәжік-ауған шекарасындағы әскери борышын орындау кезінде 1995 жылғы 7 сәуірде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл жайында Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігіні өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.