Тимур Құлыбаев мектеп бағдарламасына енгізілетін жаңа пән туралы айтты
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Атамекен» ҰКП-ның президиум төрағасы Тимур Құлыбаев Талдықорғанда кәсіпкерлердің өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында ол мектеп бағдарламасына енгізілген жаңа пән «Кәсіпкерлік және экономика негіздері» жоғары сынып оқушылары үшін болашақта айналысатын кәсібін дұрыс таңдауға зор септігін тигізетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.