Brexit келісімінің 25 пайызға жуық қана жұмысы қалды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу туралы келісімінің 25 пайызға жуық ғана жұмысы қалды. Оның ішінде Ирландия мен Солтүстік Ирландияның арасындағы шекара сияқты маңызды мәселелер де бар. Бұл туралы Brexit бойынша ЕО бас мәмілегері Мишель Барнье жұма күні француздың France 2 телеарнасына берген сұхбатында айтты.