Алматы облысының полициясы «Алтын Орда» базарында бомба іздестіруде
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қарасай ауданында белгісіз адам телефон арқылы «Алтын Орда» базарына бомба қойылғандығы жөнінде хабарлаған. Қазір оқиға орнында өңірдің күштік құрылымдары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.