Бурабай курорты ғаламдық геопарктер тізіміне енгізілуі мүмкін
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен ЮНЕСКО-ның ғаламдық геопарктері бойынша Қазақстанның ұлттық комитетінің 3-ші отырысында Бурабай курортын ғаламдық геопарктері тізіміне енгізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы әкімінің туризм жөніндегі кеңесшісі Марат Иғалиге сілтеме жасап.