Альварес GGG-ді тағы алдап кетті ме
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Сауль Альвареске қатысты жазаның тым жеңіл болғаны жайында жарысып жазуда. Оны Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) оны алты айға бокстан шеттетті. Бірақ айыппұл салған жоқ. Ал, ең бастысы, допинг тестінен үнемі өтіп тұруға міндеттемеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.