21 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 21 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, тұман, екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстікте бұршақ жаууы ықтимал, жел күшейеді.