Оңтүстіктегі 104 тарихи-мәдени ескерткіш қайта жөндеуден өтеді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 104 тарихи-мәдени ескерткіш қайта жөнделеді. Бұл туралы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.