Жексенбіде Қазақстанның көп бөлігінде жел күшейіп, жауын немесе бұршақ жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның шығыс бөлігінде найзағайлы жауын-шашынды, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты нөсер жауады, батыс бөлігінде күн райы ашық болады деп хабарлайды Қазгидромет.