Өтпей қалған митинг және қабылданған "Жер заңы"
Мамырдың 21-і күні Астана мен Шымкентте күзет күшейтілді. Екі қаладағы бірнеше белсенді осы күні "Жер заңына" қатысты митинг өткізуге рұқсат сұраған. Бірақ билік белсенділерге рұқсат бермеген. Олардың айтуынша, билік "Жер заңында" халықтың талабын ескермеген.