ОҚО-да мектеп бітірушілердің «Туған жерге тағзым!» шарасы өтті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет мектеп бітірушілердің «Туған жерге тағзым!» салтанатты жиыны өтті. Аталған шара Ордабасыда түркі тілдес үш елдің, яғни Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасының президенттері басшыларының басқосуына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.