Елордада көпбалалы отбасыларға жеңілдік көлік картасы беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы төртінші баланы тууға біржолғы жәрдемақыны тағайындауға хабарласқандар және көпбалалы отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алмайтын көпбалалы отбасылар, қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүру үшін жеңілдік беретін көлік картасын алуға құқықтары бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасап.