Шымкент мұнай өңдеу зауытынан «шыққан» өрт сөндірілді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің мұнай өңдеу зауытында шартты өрт сөндірілді. Өңірдің өрт сөндірушілері тез тұтанғыш сұйықтықты сақтайтын және пайдаланатын нысандарындағы өртті сөндіру бойынша дағдыларын машықтау, басшы құрамның осындай нысандардағы өртті сөндіру барысына жетекшілік жасау дағдыларын жетілдіру мақсатында өрт-тактикалық жаттығуын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.