Адамнан аумайтын робот София Астанаға келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада өтетін Жібек жолы елдері қалаларының мэрлер форумына адамнан аумайтын София есімді робот шақырылды. Бұл туралы бүгін дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингте G-Global халықаралық хатшылығы жетекшісінің бірінші орынбасары Мұрат Қарымсақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.