Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі қамауға алынды
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкек қаласының Бірінші май аудандық соты Қырғыз Республикасының бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковқа бұлтартпау шарасын өзгертті. Ол тергеу амалдары аяқталғанға дейін Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыратын болады. Бұл туралы «Кабар» агенттігі хабарлайды.