Қазақстанда негізгі капиталға деген инвестициялар қаңтар-мамырда 25,3 процентке өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда негізгі капиталға деген инвестициялар көлемі 2018 жылдың қаңтар-ақпанында 3465 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 25,3 процентке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлтттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.