«Егемен академиясының» бірінші маусымы сәтті аяқталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінің жас журналистерге арналған «Егемен академия» оқу-тәжірибелік жобасының алғашқы маусымы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жобаға қатысуға 100-ден астам студент ниет білдірді. Дегенмен, олардың ішінен 40-қа жуық студент іріктеу кезеңінен өтті.