Футболдан Әлем чемпионаты: Аргентина-Исландия тең ойнады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының D тобында жанкүйерлер асыға тосқан матчтардың бірі болды. Лионель Месси бастаған Аргентина және алғаш рет мундиальға қатысқалы отырған Исландия құрамалары шеберлік сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА сілтеме жасап.