Астанада 47 елдің өкілі «Темір адам» атағы үшін бақ таластырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 17 маусым күні Астанада триатлоннан ең беделді халықаралық жарыстардың бірі «IRONMAN 70.3 Astana» өтеді. Жарысқа қатысу үшін әлемнің 47 мемлекетінен 1300-ден аса спортшы тіркелді, оның ішінде 700-ге жуығы қазақстандықтар. Бұл туралы елорда әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.